🌱АҚШ-та NIS оқушысы Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды

09 қазан 2024 10:28

🌱АҚШ-та NIS оқушысы Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдесіне ие болды

Copernicus олимпиадасы әйгілі Шырмауық лигасының құрамындағы Колумбия университетінде өтті. Байқауға әлемнің 51 елінен 2000 қатысушы қатысты. 9-сынып оқушысы Асқар Әлмақтум білім сайысында екінші орын алып, елімізге күміс медаль сыйлады.

Сонымен қатар Әлмактум олимпиаданың салтанатты жабылуына дейін өткен таланттар шоуында фортепианода ойнап, әсерлі қойылымы үшін І орынға ие болды.

Осылайша, математикадан ғана емес, музыкадан да хабары бар екенін көрсетті. Copernicus олимпиадасы математикаға деген қызығушылықты дамытуға және қатысушылардың біліктілігін арттыруға бағытталған.