ҚЫТАЙДАҒЫ “ICC-2024” ҰЛТТЫҚ ФИНАЛЫНА ҚАТЫСТЫ

04 қараша 2024 14:55

⚜️Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Бакирова Фатиманың CarboNick атты химия жобасы Қытайдың Жэньджоу қаласында өткен “ICC-2024” Ұлттық финалына ұсынылды. Бұл жоба бұған дейін ЮНЕСКО ұйымдастырған «Turaqty Jol» байқауында 3 млн теңге грантын, Жамбыл облысы әкімінің «Үздік жас өнертапқыш» атағын және Республикалық ғылыми жобалар байқауында алтын медальды иеленген.
⚜️Фатима халықаралық деңгейде өз білімін дәлелдеп, әлемдік қатысушылармен тәжірибе алмасты. Оның жетістіктері біз үшін мақтаныш, болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!