🌱КЕЗЕКТІ БРАКЕРАЖ КОМИССИЯСЫ

13 қараша 2024 17:12

⚜️Тараз қаласындағы НЗМ асханасына мектеп директоры - Г.М.Мақсұтова, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары - А.К.Жолдасбекова, қаржылық және шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары - Е.Б.Ералы, педиатр-дәрігер - Ж.А.Динисламова, диеталық мейірбике - Ж.А.Жарқынбаева, мектептің жалпы ата-аналар комитетінің мүшесі - Н.Ш.Исмазовадан құралған кезекті бракераж комиссиясы бақылау жүргізіп, асханадағы санитарлық жағдайды, тағамдардың сапасы мен олардың талаптарға сәйкестігін мұқият текседі.
⚜️Оқушыларға ұсынылатын тағамдардың құрамы, олардың дайындалу технологиясы және сақтау шарттары зерттеліп, мектеп асханасы қызметкерлерінің санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтауы да назарға алынды.