- /
- Новости /
🌱”АУЫЛДЫҚ ТІРЕК МЕКТЕПТЕРІ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
14 қараша 2024 10:49
Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері “Ауылдық тірек мектептері” жобасы аясында Меркі ауданының орталығындағы А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясына, Т. Рысқұлов ауданының орталығындағы Құлан мектеп-гимназиясына, Байзақ ауданының Сарыкемер мектеп-гимназиясына және Жамбыл ауданының №1 мектебіне барып, 400-ден аса ұстазына әдістемелік қолдау көрсетіп қайтты.
Өз тәжірибелерімен бөліскен НЗМ ұстаздары оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру турасында кеңестер беріп, олардың танымдық қабілеттерін жетілдіру және мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталған шеберлік сабақтары, семинарлар және тренингтер өткізді.
Бағдарлама аясында оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарының жай-күйі де қарастырылды. Сынып жетекшілер мен кәсіби бағдар берушілер оқушылардың болашақ мамандығын таңдаудағы маңызды қадамдар мен әдіс-тәсілдер бойынша да ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар, жоба аясында мұғалімдерге “Сабаққа зерттеу (Lesson Study) жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға ықпал ету мен “Action Research – іс-әрекеттегі зерттеудің қадамдары” түсіндірілді. НЗМ педагогтері ауыл мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында түрлі пән бойынша әріптестеріне шеберлік сабақтарын өтіп, заманауи оқыту құралдары мен әдістерін қолдану бойынша құнды мәліметтер берді.