- /
- Новости /
🌱АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ: БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ҚАДАМДАР
15 қараша 2024 09:15
🌱Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. Бұл іс-шарада әрбір ата-ана балаларының оқу үлгерімі туралы әр пәннің ұстаздарымен бетпе-бет кездесіп, тілдесу мүмкіндігіне ие болды.
🌱Жиналыс барысында ата-аналар балаларының жетістіктерін, оқу процесіндегі үлгерімдерін және даму бағыттарын ұстаздармен бірге талқылап, оқу сапасын арттыруға қажетті кеңестер алды. Осындай ашық пікір алмасу ата-аналардың балаларының білім алу жолындағы үдерісін тереңірек түсінуіне және мұғалімдермен тығыз байланыс орнатуына мүмкіндік береді.