banner

Мектеп тарихы

  • /
  • Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

Тарихы

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 04 шілдесінде ашылды. Ол Зияткерлік мектептер отбасындағы 12-ші мектеп болып құрылды.

Мектеп құрылысы 2011 жылдың 28 шілдесінде басталды. Нысанның жобалық құны 2,9 миллиард теңгені құрады.

Мектептің өміріндегі алғашқы жиынға конкурстық іріктеуден өткен және «Өркен» білім грантын алған оқушылар, олардың ата-аналары мен мұғалімдері келді. Жиналғандарды Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев, облыстық және қалалық әкімдіктердің, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік жоғары оқу орындарының өкілдері құттықтады.

Мектеп оқушыларына арнап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шәмшидинова, мектеп директоры Арсен Байтуков және «Корпорация АК ордасы» құрылыс фирмасының директоры Садулла Қалыбеков құттықтау сөз сөйледі. Жаңа оқу жылының басталуымен жиналғандарды Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2013 жылғы түлегі, Назарбаев Университетінің студенті, Жәутіков олимпиадасының жүлдегері Темірлан Жұманов та құттықтады.

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне мұғалімдерді конкурстық іріктеу 2012 жылдың қараша және 2013 жылдың маусым айларында өтті. Оған Тараз, Алматы, Атырау қалалары мен Жамбыл облысы аудандарының 300-ге жуық жетекші педагог кадрлары қатысты.

Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне оқушыларды конкурстық іріктеу 2013 жылдың қаңтар айында қазақ және орыс тілдерінде оқитын  8, 9, 10 сыныптарда өткізілді. Конкурстық іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша 472 үміткер Зияткерлік мектепте оқуға арналған «Өркен» білім беру грантының иегері атанды.

2013 жылғы 22-23 маусымда Cito (Нидерланды) және CTY (АҚШ) стратегиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген жаңа жүйе бойынша 2013-2014 оқу жылында 7-сыныптарда оқитын балаларды конкурстық іріктеу өтті.

Жалпы ақпарат

 Мектеп 6 гектар аумақта орналасқан және 720 оқушыға арналған. Жаңа компьютерлік жүйелермен, мультимедиялық кабинеттермен, жоғары өнімді электронды-есептеуіш машиналармен, интерактивті электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернетпен, білім алуға көмектесіп қана қоймай, оқу процесін басқара алатын инновациялық бағдарламалық құралдармен жабдықталған.

Мектеп ғимараты бірнеше ірі блоктардан құрылған: оқу, жатын және спорт. Оқу блогы 67 заманауи кабинеттерді қамтиды, жатын блогында шалғай аудандардан келген балаларға арналған 132 орындық жайлы жатақхана орналасқан. Спорт корпусында үлкен және кіші залдар, тренажер залы бар.

Оқу орнында ауқымды медиатекасы бар кітапхана, телестудия, медициналық блок, 360 орындық асхана және акт залы, жылыжай, қысқы бақ пен стадион бар.

Оқушыларды дамытуға бағытталған зияткерлік механизмдерді модельдеу, Лего элементтерінен роботтарды құрастыру, қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен бағдарламалау және роботтардың «өмірін» бақылау мүмкіндігі бар робототехника зертханасы жұмыс істейді.

Сондай-ақ, мектепте жеке сабақтарға арналған аудиториялар, техникалық модельдеу, өнер технологиясы, психологиялық жеңілдету, педагогикалық және ақпараттық технологияларды интеграциялау және бірнеше әмбебап кабинеттер бар.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2018 жылдың қараша айында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) аккредитациясынан өтті. Командалық сапар барысында шетелдік сарапшылар мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды жоғары бағалады.

2018 жылдың қыркүйегінде мектеп Қазақстанның ЮНЕСКО Клубтарының ұлттық федерациясының мүшесі атанды. Клуб мүшесі ретінде мектеп қоғамдастығы ЮНЕСКО-ның шығармашылық, мәдени, рухани жобаларын іске асыруға белсенді қатысады.

Тараз қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі өз өңірінің флорасы мен фаунасын, тарихи орындарын, сәулет ескерткіштерін және индустриялық-өнеркәсіптік объектілерін зерттеуге бағытталған зерттеу қызметіне үлкен көңіл бөледі.

Мектеп оқушыларының әртүрлі зерттеу жұмыстары археология, биотехнология, экология, химиялық технология және өлкетану бойынша Халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болуда.