Қазақтың 100 әні

project

Жобаның мақсаты – оқушылардың қазақ тілі туралы түсінігі мен тәжірибесін жетілдіру, ұлттық музыка мен ұлттық дәстүр арқылы қазақстандық патриотизмді дамыту, оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру және рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту. Қазақ тіліндегі «Қазақ әндері» жинағына енген 16 әннің мәтіні ұлттық, отбасылық, жалпыадамзаттық құндылықтарды құрайды. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін оқушылар ән жазу тарихын зерттейді, мәтін жаттап, таңғы жиындарда, кураторлық сағаттар мен шаңырақ сағаттарында орындайды. Шаңырақтар арасында ән байқауына қатысады.