- /
- Жобалар /
- Мектепішілік жобалар /
«5 АСЫЛ ІС»
Ел Тәуелсіздігі мейрамы қарсаңында Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушылары мен педагогтері арасында белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, рух пен моральдық-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында «5 АСЫЛ ІС» акциясы жарияланды.
«1-асыл іс»: әлеуметтік желілерде қазақ әдебиетінің үздік туындыларын көпшілікке насихаттау жұмыстарын жүргізу;
«2-асыл іс»: түрлі қайырымдылық шараларға бастамашы болып немесе белсенді ерікті ретінде қатысқаны туралы пост жазу;
«3-асыл іс»: «Менің елім» тақырыбындағы фото немесе суреттер көрмесі;
«4-асыл іс»: Тәуелсіздікке арналған өзінің немесе ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу;
«5-асыл іс»: туған жеріміздің түрлі саласында қажырлы еңбек еткен немесе қызмет атқарып жүрген қарапайым еңбек адамдары туралы шағын эсселер жариялау.