- /
- Жобалар /
- Мектепішілік жобалар /
«Кітап FEST»
«Кітап FEST» – оқушылардың, ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға, таным көкжиегін кеңейтуге, оқу мәдениетін қалыптастыруға және оқушы-педагог-ата-ана-қоғам бірыңғай оқу кеңістігін құруға бағытталған жоба.
Мақсаты: Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру және дамыту.
Міндеттері:
- оқушылардың оқу көкжиегін кеңейту;
- оқушылардың, ата-аналардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту;
- оқу мәдениетін қалыптастыру;
- кездесулер, әңгімелер, пікірталастар ұйымдастыру;
- өзара пікір алмасу негізінде бірыңғай оқу кеңістігін құру: оқушы-педагог-ата-ана-қоғам;
Жоба барысында оқушы-педагог-ата-ана оқылған кітаптар туралы өз әсерлерін талқылап, пікірталастар, баяндамалар, кітап тұсаукесерлері, дәрістер, авторлармен және сарапшылармен кездесулер кітап көрмелері, фильм көрсетілімдері және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.