logo
Басты бет NIS-те жұмыс істеу Жаңалықтар
banner

Оқуға түсушілерге арналған ақпарат

Ақылы негізде оқуға қабылдау

Оқушыларды қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтихандары мен кейінгі әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

2026-2027 оқу жылына 7, 8, 9 және 11-сыныптарға қабылдау жүргізіледі.
10-сыныпқа қабылдау жүзеге асырылмайды.

Қабылдау емтихандары:

  • 7-сынып: математика, ағылшын тілі;

  • 8-9-сыныптар: математика, ағылшын тілі, физика;

  • 11-сынып: математика, ағылшын тілі және 2 бейіндік пән: физика, информатика немесе химия, биология.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 8 мамыр мен 4 маусым аралығында сағат 08:30-16:30 аралығында (дүйсенбі-жұма) Алматы қаласы, Жамақаев көшесі, 145 мекенжайы бойынша жүргізіледі.

Қабылдау тестілеуі 2026 жылғы 5 маусым күні сағат 10:00-де өтеді.

Оқу құны жылына 5 000 000 теңгені құрайды.

Өтініш беру үшін келесі құжаттардың көшірмелері қажет:

  • ағымдағы оқу жылының барлық тоқсандары бойынша бағалары қойылған, мектеп директорының қолы мен мектеп мөрі қойылған үлгерім табелі;

  • оқушының туу туралы куәлігі;

  • ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі.

Call-орталық байланыс нөмірі: +7 747 256 7985