Оқуға түсушілерге арналған ақпарат
Ақылы негізде оқуға қабылдау
Оқушыларды қабылдау конкурстық негізде қабылдау емтихандары мен кейінгі әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
2026-2027 оқу жылына 7, 8, 9 және 11-сыныптарға қабылдау жүргізіледі.
10-сыныпқа қабылдау жүзеге асырылмайды.
Қабылдау емтихандары:
7-сынып: математика, ағылшын тілі;
8-9-сыныптар: математика, ағылшын тілі, физика;
11-сынып: математика, ағылшын тілі және 2 бейіндік пән: физика, информатика немесе химия, биология.
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 8 мамыр мен 4 маусым аралығында сағат 08:30-16:30 аралығында (дүйсенбі-жұма) Алматы қаласы, Жамақаев көшесі, 145 мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Қабылдау тестілеуі 2026 жылғы 5 маусым күні сағат 10:00-де өтеді.
Оқу құны жылына 5 000 000 теңгені құрайды.
Өтініш беру үшін келесі құжаттардың көшірмелері қажет:
ағымдағы оқу жылының барлық тоқсандары бойынша бағалары қойылған, мектеп директорының қолы мен мектеп мөрі қойылған үлгерім табелі;
оқушының туу туралы куәлігі;
ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке куәлігі.
Call-орталық байланыс нөмірі: +7 747 256 7985