Жаңалықтар
Ақтаудағы NIS-ке Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілі қонаққа келді
02 қазан 2024 14:49
Ақтаудағы NIS-ке Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілі қонаққа келді.
30 қыркүйекте @_munnisa_ клубының бастамасымен мектепке Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының өкілі, Қазақстандағы ДДҰ кеңсесінің басшысы Скендер Сыла келді.
Ол оқушылармен сұхбаттасып, Қазақстандағы ДДҰ қызметі мен олардың бағдарламалары туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар, ол электронды темекінің зияны туралы тақырыпты қозғады. Осы мәселеге байланысты электронды темекіге қарсы ең үздік жарнамаға бейнеконкурс ұйымдастырылды. Доктор Скандер конкурс жеңімпаздарын марапаттап, басқа қатысушыларға сертификаттар табыс етті.
Доктор Скандер Сыла медицина саласында білім алған және денсаулық сақтау, аурулардың алдын алу және ДДҰ бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша үлкен тәжірибеге ие. Қазақстанда ол денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамаларды әзірлеу мен жүзеге асыруға белсене қатысады.