Миссия
Зияткерлік әлеуетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру!
Пайым
Біздің түлектер сыни ойлау мен шығармашылық арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылады және мәселелерді үштілді ортада шешуге қабілетті.
Құндылықтар
Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік
Құрмет
Ынтымақтасты
Еңбек және шығармашылық
Ашықтық
Академиялық шыншылдық
Өмір бойы білім алу
Жаһандық азаматтық
Сандар мен фактілер
801
студенттер (20 ақпан, 23–24 оқу жылы)
130
мұғалімдердің жалпы саны
94 %
жалпы 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік және университеттік гранттардың иегерлері
1350
2023 жылғы SAT бойынша 1600 орташа балл
7.0
IELTS орташа нәтижесі
IV
олимпиада бойынша жалпы рейтинг (желілік кезең)
3
жүлделі орын XIX республикалық «Зерде» байқауынан алынды
Мектеп туралы
2008 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бастамасымен «20 Зияткерлік мектеп ашу туралы» жоба қолға алынды. 2009 жылы 12 қаңтарда бірінші Зияткерлік мектеп – Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды.