Медициналық қызмет
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі медициналық қызмет
Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі медициналық қызметкерлері:
Біздің медицина қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері:
Оқушылардың денсаулық жағдайын бағалау:
Бұл дегеніміз оқушылардың өсуі және даму дәрежесін анықтау,топтарға бөлу, сәйкесінше жағдай жасау. Күнделікті қабылдауда оқушылардың денсаулығы бойынша мониторинг жасаймыз, қажет болса диспансерлік есепке аламыз.
Дәрігерлік және алғашқы медициналық көмек көрсету:
Мектеп дәрігері және мейірбикелері әрқашан амбулаторлы және шұғыл (жарақат, естен тану, қан кету) жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайын!
Жұқпалы ауруларды алдын алу:
Жұқпалы ауруларға( ЖРВИ, тұмау, қызылша, т.б. вирустық аурулар) қарсы профилактикалық шаралар жүргіземіз!
Профилактикалық-сауықтыру шараларын жүргізу және ұйымдастыру:
Оқу барысында гигиена негіздері, спорттың маңыздылығы, жыныстық тәрбие, зиянды әдеттер (шылым шегу, ішімдік ішу) туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.