Миссия
Әлемді жақсартуға үлес қосатын адамгершілігі мол, зияткер тұлғаны дамыту мен қайраткер азаматты тәрбиелеуге ықпал ету.
Пайым
Біз халықаралық білім беру стандартының талаптарына жауап беретін мектеп болғандықтан, оқушылар 21 ғасыр адамына қажетті дағдылар мен іскерліктерді игеріп, бойында төмендегідей қасиеттерді дамытады:
өмір бойы білім алуға дайын болатын табысты тұлға;
әлемнің тұрақты дамуына қомақты үлес қосатын жауапты және белсенді азамат;
өз Отанының патриоты;
академиялық білімі бар сыни ойлайтын және шығармашыл тұлға,
заманауи өмірдің өзгермелі талаптарына бейімделуге қабілетті моральдық және физикалық тұрғыдан дені сау тұлға.
Құндылықтар
Өзіне және қоршаған ортасына құрмет
Ынтымақтастық
Азаматшылық ұстаным
Адалдық
Өмір бойы білім алу
Ашықтық
Сандар мен фактілер
1219
Оқушылар саны
142
Мұғалімдер саны
98%
Мемлекеттік және шет елдік университет гранттарының иегерлерінің жалпы саны
7.1
IELTS
1297
SAT емтиханының орта баллы
Мектеп туралы
Алматы қаласындағы химия және биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2015 жылдың 11 тамызында ашылды. Қазақстан бойынша ашылған 19-шы мектеп болып саналады. "Назарбаев Зияткерлік мектептерінің" негізгі міндеттері оқушылардың ағылшын, қазақ және орыс тілдерін меңгеруі, сондай-ақ тұжырымдамалық ойлау мен сыни талдау дағдыларын дамыту болып табылады.
Мектептің миссиясы-жоғары сапалы білім беру және үш тілді орта құру, сонымен қатар оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту. Мектепке қабылдану үшін оқушылар негізгі пәндер бойынша қабілеттерін бағалайтын конкурстық іріктеуден өтеді. Екі сатылы қабылдау тесті математика, жаратылыстану, қазақ, орыс және ағылшын тілдері және кеңістіктік ойлау дағдыларын тексеруді қамтиды. Іріктеу құралдарын қазақстандық мамандар CITO (Нидерланды) және CTY (Джонс Хопкинс Университеті, АҚШ) бірлесіп жасайды. Үздік нәтиже көрсеткен үміткерлер «Өркен» мемлекеттік гранты иегері атанады. Мектепте ішкі қалыптастырушы және қорытынды бағалауды, сондай-ақ тәуелсіз сыртқы бағалауды қамтитын критериалды бағалау жүргізіледі. Сыртқы қорытынды бағалау Халықаралық Кембридж емтихан кеңесімен (Ұлыбритания) бірлесіп жүргізіледі.