Кітапхана
Зияткерлік мектеп кітапханасы
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің кітапхана қызметінің негізгі бағыттары: оқу үдерісін ақпараттық ресурстармен қамтамасыз ету, оқу мәдениетін, зерттеу дағдыларын дамыту, ақпараттық және функционалдық сауаттылықты дамыту, ақпараттық технологияларды мектеп жұмысына енгізу.
Кітапхана мақсаты: халықаралық деңгейге жету үшін даму, миссия мектептерін жүзеге асыруға қолдау көрсету және орта мектептерге тәжірибе беру.
Кітапханамыздың қоры - әлемдік қауымдастық иелігіндегі барлық ақпаратқа, кітаптар мен оқулықтарға, электронды ресурстарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық орталық саналады.
Біздің кітапхана қорымызда оқу қызметі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті және пайдаланушыларға өзін-өзі дамыту және білімнің әртүрлі салалары туралы жинақталған, өңделген, жүйеленген ақпаратпен қамтамасыз ететін оқу басылымдарының үлкен жинақтары, психология бойынша және қызықты, танымдық, түрлі жанрдағы әдебиеттер жинағы бар. Қор үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде. Сонымен қатар, екінші тілге арналған оқу-әдістемелік кешендер бар: қытай, корей, жапон, француз, неміс, түрік.
Мектеп ақпараттық қызметтер нарығындағы электрондық қызметтер мен мәліметтер базасының провайдері болып табылатын GALE негізгі халықаралық электронды ресурстарына және Bilim Media Group-тың платформаларына жазылған. Bilim Media Group – Қазақстан үшін жаңа электрондық оқыту нарығын қалыптастыратын инновациялық компания. Компания білім беру мазмұнын, сондай-ақ тиісті технологиялар мен қызметтерді әзірлейді, локализациялайды және таратады.
Оқушылардың оқу, зерттеу іс-әрекетіндегі маңызды мәселе жоғары ақпараттық сауаттылықты меңгеру болып табылады. Ақпараттық қажеттілікті тұжырымдау, ақпаратты сұрау, іздеу, таңдау, бағалау және талдау қабілеті қазіргі заманғы оқушыларға қажетті дағдылар болып табылады. Бұл міндеттер кітапханада оқушыларға ақпараттық сауаттылық сабақтарын өткізу арқылы шешіледі. Оқушылардың ақпараттық сауаттылығын дамыту сабақтары кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратымен танысудан, ақпаратты табу бойынша практикалық жұмыстарды және шағын зерттеу жұмыстарын орындаудан басталады.
Келесі қадам - желілік дағдыларды қалыптастыру сабақтары. Біздің оқушылар желінің мүмкіндіктерін: ресурстарды, электронды поштаны тиімді пайдалана алады, электронды дауыс беруге қатысады, іздеу жүйелерімен жұмыс істей алады, қажетті ақпаратты тауып, сақтай алады.
Ең бастысы, оқушыларымыз білім беру ресурстарының құрылымы мен мазмұны туралы хабардар болуы керек, бұл мүмкіндіктерді түсініп, күнделікті оқу әрекетінде қолдана білуі керек.