Мектеп тарихы
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс жасайды.
Оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету және әлемдік білім беру кеңістігінде нәтижелі жұмыс жасау мақсатында мектеп бағдарламасына үш тілде оқыту жобасы енгізілген.
Мектепте стратегиялық әріптес-Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген «NIS – Programme» білім беру бағдарламасы қазақстандық және халықаралық бағдарламалардың интеграциясына негізделген.
860 орынға негізделіп дайындалған мектеп 7 блоктан құрылған: онда 81 оқу сыныбы, 24 оқушыға арнап жабдықталған 21 кабинет, 12 оқушыға арналған 54 кабинет орналасқан. Сонымен қатар, математика, STEM, техникалық модельдеу кабинеттері, нано және биотехнология, робототехника, физика, химия, биология зертханалары қарастырылған.
Зияткерлік мектеп робототехника, «Қазіргі әлемдегі Қазақстан» атты оқу және психологиялық көмек көрсететін кабинеттер, телестудия, оранжерея, мәжіліс залы мен кітапханамен толық жабдықталған.
Мектеп кітапханасы «100 кітап» жобасы аясында құрылған қазақ және әлемдік классика бойынша әдебиет туындыларын қамтиды. Сонымен қатар, оқушыларға биология, химия, физика және математика пәндері бойынша қазақ, орыс, және ағылшын тілдеріндегі 1500 оқу фильмдер жинақталған TWIG онлайн платформасына қолжетімділік бар.
Қазақтың ұлттық нақышы мен табиғи ландшафтымен үйлескен декоративтік өсімдіктерден құралған композициялары бар мектеп оранжереясы балалардың релаксациясына арналған аймақ ретінде жұмыс жасайды.
Мұғалімдер құрамының жоғары әлеуетін қамтамасыз ету мақсатында мектеп үнемі білім беру қызметінің сапасын арттырып отырады. Осыған сәйкес 42 мұғалім-сарапшы, 47 мұғалім - модератор, 52 мұғалім, 18 мұғалім - тағылымгер жұмыс істейді. Оның ішінде 64 магистр, 4 PhD докторы, 2 ғылым кандидаты, 3 «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, 3 Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі, 2 Назарбаев Университетінің түлегі бар.
2015 жылдан бастап Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі республика бойынша «Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Үздік олимпиадалық мектеп» мәртебесіне ие болып келеді.
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы NIS оқушыларының олимпиадалардағы жоғары деңгей көрсетуі - мектеп мұғалімдерінің ерекше мақтанышын тудыратын факт.
Зияткерлік мектеп ашылған сәттен бастап 700-ге жуық оқушы Республикалық және Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.
Мектеп физика-математика бағытындағы басым дағдыларды ағылшын тілінде терең меңгерген жаңа буынды қалыптастырады. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейі өте жоғары: мектеп бойынша IELTS орташа ұпайы 7,2 баллды құрайды.
Мектеп ашылған уақыттан бері 7 түлегіміз Айви Лигасының оқу орындарына, 2 түлегіміз MIT-дің 100% білім гранттарын жеңіп алды. Соның ішінде Қажымұрат Ақназар, Чалышкан Селимжан - Гарвард университетінен, Камалова Дильназ – Стэнфорд университетінен, Нурманулы Султанали - Гарвард колледжінен, Изимова Ардана және Алима Туякаева - Пенсильвания унивеситетінен, Ерали Дана - Йель университетінен шақырту алды. Ал Ерсұлтан Пітебай мен Ақерке Нұрахметова MIT грантын иеленді.
Зияткерлік мектеп оқушылардың жеке қасиеттерін, көшбасшылық дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. ФМБ НЗМ-да 20-дан астам оқушылардың спорттық, шығармашылық дағдыларын дамытатын ұйымдар жұмыс жасайды. Олардың ішінде: «Жас мерген» мылтық ату клубы, волейбол, футбол үйірмесі, «Шебер қолдар» үйірмесі, «Cөз өнері», вокал, актерлік шеберлік, эстрадалық хор, би, «Алтын перне» домбыра үйірмесі, Lego EV3 робототехника клубы, UNESCO, NIS Rock`N PLANE зымыран клубы сынды спорттық-шығармашылық үйірмелер бар. Сондай-ақ сыныптар арасындағы байланысты нығайту мақсатында «Шаңырақ» жүйесі жұмыс жасайды. Олардың мектеп қабырғасындағы өмірлері жарқын және ұмытылмас болуы үшін, белсенді, шығармашыл оқушылар мектеп ұжымымен бірлесе әр түрлі іс-шаралар өткізеді.
Мектептің заманауи инфрақұрылымы, білім беру бағдарламаларын жетекші халықаралық жоғары оқу орындарымен үйлестіру білім алушылар контингентінің динамикалық өсуіне ықпал етіп, оқушылардың республикалық, халықаралық пәндік олимпиадар мен әлемдік деңгейдегі байқауларда жоғары деңгейді көрсетуге, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап келеді.