- /
- Жобалар /
- Мектепішілік жобалар /
Алматылық NIS оқушылары аутизмге шалдыққан балаларға арналған қосымша жасады
Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары аутизммен ауыратын науқастардың эмоционалды интеллектісін дамытуға арналған «Drive Beyond» қосымшасын жасады.
Аталмыш қосымша қазірдің өзінде білім беру орталықтарында қолданылып келеді. Әсіресе 5-13 жас аралығындағы балалар арасында оң нәтиже көрсетуде.
Зияткерлердің бұл өнертабысы аутизм спектрі бұзылған адамдардың эмоцияларын білдіруі мен шығаруына септігін тигізеді. Бағасы 10 000 теңге тұратын қосымша науқастың эмоциясын жасанды интеллект көмегімен көрсетуіне мүмкіндік береді.
Команда алдағы уақытта қосымшаны одан әрі дамытуға күш салады. Әсіресе, емдеу орталықтары үшін диагностикалық мүмкіндіктерді қосуды және оны басқа да білім беру мекемелерінде кеңінен пайдалануға ұсынуды жоспарлап отыр.