Миссия

Тез өзгермелі заман талабына сай дарынды оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту және жүзеге асыру.

Пайым

 Біз тұлға бойына дайын, жүйелі білімнің мол көлемін сіңіре отырып болашақ қызметіне дайындауға ғана емес, сонымен қатар қабылдаған білімді меңгере отырып жаңа білімді қалыптастыратын тұлғаны дамытуға талпынамыз.

Құндылықтар

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет

Ынтымақтастық

Жауапты азаматтық позиция

Академиялық әділдік

Өмір бойы білім алу

Ашықтық

Әл-ауқат

Еңбекқорлық пен шығармашылық

Отбасы құндылықтары мен дәстүрлер

Сандар мен фактілер

Бос ...

about

Мектеп туралы

2013 жылдың 11 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Атырау қаласында химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылды. Мектеп толық күн тәртібінде 800 оқушыға арналған. Мектеп жанындағы жатақханада 132 жатын орын қарастырылған.

Мектеп ашылған күннен бастап, 2013-2014 жылдар аралығында бірінші басшы лауазымын Әкімова Тавила Әдетқызы атқарған.

2014-2020 жылдар аралығында мектеп директоры қызметін Айдарбек Төлепұлы Айтпөкешев атқарды.

2020 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылдың тамызына дейін Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ахмадиева Құралай Тілеубердіқызы.

2022 жылдың 1 тамызынан бастап Ерали Бижанов Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры болып тағайындалды.

Зияткерлік мектеп үш тілде оқыту және білім берудегі теңдік саясатын ұстанады. Мектеп өзіне және айналасындағыларға құрмет көрсету, ынтымақтастық пен әріптестік орнату, сыртқы байланыстардың көмегімен қарым-қатынас жасаудың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, жауапты азаматтық ұстаным, академиялық адалдық, өмір бойы білім алу және қоршаған ортаға ашықтық сияқты құндылықтарды дәріптейді.

2017 жылы мектеп Нидерландыдағы Халықаралық мектептер кеңесінен (CIS) халықаралық аккредитацияға ие болды.

Толығырақ
news

2025 жылы NIS-ке түсушілерге арналған байқау тесті

Толығырақ
announcement

Құрметті үміткерлер мен ата-аналар!

Толығырақ

Ресурстар

NIS

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ресми сайты

CEP NIS

Білім беру бағдарламалары орталығының корпоративтік порталы

Жүйелік-әдістемелік кешен

Жүйелік-әдістемелік кешен еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық тәжірибесін тарату және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді

CEP Forum

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің мұғалімдерін әдістемелік қолдауға арналған ақпараттық портал

CEP Termin

Терминологиялық база пәндік бағыттар бойынша қолданылатын үш тілдегі кілттік терминдерден тұрады

KZWorld

«Қазіргі әлемдегі Қазақстан» пәні бойынша материалдарды қамтитын сайт

NIS Lab

«Химия», «Физика» және «Биология» пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған «NIS Lab» виртуалды зертханасы

NIS Online

«Химия», «Физика», «Биология», «Информатика», «Қазақстан тарихы» және «География» пәндері бойынша Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларына арналған «NIS Online» білім беру платформасы

NIS Textbooks

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ұсынған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің электрондық нұсқалары

Beyim Ustaz

Педагогикалық шеберлік орталығының білім беру платформасы еліміздегі педагогтерді оқытуға қажетті жағдайлар жасау мақсатында әзірленді. Платформа педагогтерді кәсіби дамытуды қамтамасыз ете отырып, өзекті курстарға, семинарлар мен іс-шараларға қатысуды ұсынады.