Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) реаккредитациясынан өтуде.

06 қазан 2024 10:00

6-11 қазан аралығында Қарағанды қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесінің (CIS) реаккредитациясынан өтуде.

Мектептің бағалануы мен аккредитациясы CIS-тің жеті стандарты бойынша жүзеге асырылады: «Мектептің миссиясы, көрінісі және құндылықтары», «Оқыту және білім беру», «Басқару және көшбасшылық», «Оқытушылар құрамы мен қосалқы қызметкерлер», «Оқуға қолжетімділік», «Мектеп мәдениеті және серіктестік», «Операциялық жүйелер».

Халықаралық мектептер кеңесі (CIS) – халықаралық білім беру жүйесіндегі мектептерді аккредитациялаумен және озық оқу әдістерін жасаумен айналысатын ұйым. Ол 116 елден 735 мектеп пен 616 университетті және колледжді қамтиды.