banner

Білім беру бағдарламасы

  • /
  • Білім беру бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS‑Programme білім беру бағдарламасы

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS‑Programme білім беру бағдарламасы стратегиялық серіктесі болып табылатын Кембридждің халықаралық білім беру мәселелері бойынша бағалау кеңесімен (КХББМБК) бірлесіп әзірленген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS-Programme білім беру бағдарламасы жаратылыстану және математика ғылымдары бағытында білім беру үдерісін іске асыруға бағытталған.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның NIS – Programme білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Білім беру бағдарламасы) ұзақ мерзімді білім берудің құндылықтары мен мақсаттарын, оқыту ісінен күтілетін нәтижелерді, білім беру деңгейлері бойынша орта білім мазмұнының құрамы мен құрылымын, оқу жетістіктерін бағалау моделін, Назарбаев Зияткерлік мектептерінде білім беру үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді. Аталған Білім беру бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес пәндердің мазмұнын қамтиды, сондай-ақ GCEAS/ A-level (Ұлыбритания), O-Level (Сингапур), Халықаралық бакалавриат (IB) және т. б. сияқты халықаралық бағдарламаның мазмұнымен теңдестірілген.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ NIS‑Programme білім беру бағдарламасы