X есеп беру конференциясы "мұғалімнің кәсіби тәжірибесіндегі зерттеу: тәжірибе және мүмкіндіктер"

27 наурыз 2024 17:54

🌱Павлодар қаласындағы NIS-те 26 наурызда «Мұғалімнің кәсіби практикасындағы зерттеулер: тәжірибе және мүмкіндіктер» атты X есеп беру конференциясы өтті. Сайысқа мектеп мұғалімдері және Аққулы,Ертіс,Баянауыл, Тереңкөл тірек мектептерінің мұғалімдері қатысты. Олар жыл бойы жасаған зерттеулерді Action Research және Lesson study форматтарында ұсынған. Постерлік сессия кезінде ұстаздар өз нәтижелерін басқа мұғалімдерге айтып, тәжірибе алмасты. Мұнда 59 зерттеуде 80-нен астам мұғалім қатысқан. Жарыс нәтижесінде жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар марапатталды.