- /
- Новости /
Тірек мектептердің әлеуетін дамыту
10 мамыр 2024 17:41
Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту" жобасы аясында және тірек мектептер ұжымдарының кәсіби дамуын қолдау жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Баянауыл, Тереңкөл, Аққулы, Ертіс мектептерінің мұғалімдері мен әкімшілігіне арналған көшпелі семинарлары болды.
🏢Семинар барысында Павлодар NIS шетелдік пән мұғалімдері тірек мектептердің педагогтары мен әкімшілігіне студенттік орталықтандырылған оқытудың жаңа әдістерін ұсынды.
🧪Химия, физика, биология, математика, информатика, тарих, география және тіл пәндерінің мұғалімдері сабақтарды жоспарлау, оқыту және бағалаудың өзекті мәселелері бойынша шеберлік сағатын өткізді. Тірек мектептері мұғалімдерінің кәсіби сұраныстарын ескере отырып, нақты тақырыптарды оқыту тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесуде 3D - басып шығарудың, оқушыларды психологиялық қолдаудың, PISA-ға дайындықтың және т. б. өзекті мәселелері қаралды.
Білім ошағымыздың мұғалімдері тірек мектептері ұстаздарының сабақтарына қатысып, оқыту мен бағалаудың тиімділігін арттыру бойынша сындарлы кері байланыс берді. Тірек мектептерінің ұжымдары NIS Pavlodar мұғалімдері мен әкімшілігіне жемісті жұмысы мен қолдауы үшін алғыс білдірді.📚