Ұстаздар тәжірибе бөлісті

19 ақпан 2024 22:39

🌱"Бастау" қоғамдастық мұғалімдеріне арналған қорытынды семинар 2024 жылдың 11 қаңтарында Павлодар қаласының химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өтті. Сәния Құнақбаева мектепте жобалық қызметті ұйымдастыру және жұмыстарды патенттеу бойынша сессия өткізді. Дина Кудас сабақты зерттеудің принциптері мен шарттарымен таныстырды – Lesson Study. Нұрсұлтан Жақыпов Action Research тәсілін іске асыру, зерттеу жұмысының негізгі кезеңдері мен рәсімдері туралы айтып берді. Семинарға қатысушылар өткізілген сессиялардың сапасын және мұғалімдер үшін осындай сабақтарды өткізу қажеттілігін атап өтті.