- /
- Новости /
"Функционалдық сауаттылықты дамыту" тағылымдамасы
20 ақпан 2024 16:35
Павлодар қаласындағы химия-биологиялы бағытандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде "студенттік орталықтандырылған оқытуды ұйымдастыру арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" жобасы аясында облыс орталығындағы Аққулы, Баянауыл, Тереңкөл және Ертіс мектептерінің ұстаздары тағылымдамадан өтті. 56 тірек мектеп мұғалімдері білімдерін кеңейтті.
Осы тағылымдама барысында аталмыш білім ошағының тарих, өнер, дене шынықтыру, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті.
NIS оқытушылары ашық сабақтар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сабақтарын өткізді. Онда оқыту мен үйретуде жаңа тәсілдерді, сабақтарда критериалды бағалауды қолдануды көрсетті. Тірек мектептердің әкімшілігі үшін мектепте олимпиадалық және жобалық қозғалысты дамыту бойынша семинарлар болды.