"Жаһандық жылыну" дөңгелек үстелі өтті

20 ақпан 2024 17:27

Павлодар қаласындағы NIS мектебінде химия және биология апталығы аясында "жаһандық жылыну" тақырыбында Bombay Scottish school, Mumbai серіктестік мектебімен дөңгелек үстел өткізді. Оқушылар жаһандық проблеманы талқылап, әлемдегі экологияның жай-күйі туралы әңгімеледі. Оқушылар жаһандық жылыну себептерімен жақынырақ танысты. Сондай-ақ, белсенді талқылай отырып, осы мәселені шешу жолдарын ұсынды. Серіктестік мектептермен мұндай өзара іс-қимыл екі елдің оқушылары үшін өте қызықты және пайдалы болып табылады. Әрі ағылшын тілін үйренуге, ондағы өз ойларын еркін білдіруге және әлемдік қоғамдастыққа жататындығын түсінуге мүмкіндік береді. Шәкірттер Үндістан мектебімен ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдірді.📚