- /
- Новости /
Оқушылар халықаралық конференцияға қатысты
22 ақпан 2024 14:48
2024 жылғы 15-18 ақпан аралығында Павлодар қаласындағы NIS мектебінің 9-12 сынып оқушыларының Қатар мемлекетінің Доха қаласында Джорджтаун университетінде жыл сайын "Біріккен ұлттар ұйымы моделі" халықаралық конференциясына қатысты.
Биыл конференцияға Қатарды қоса алғанда 15 елден 630 орта мектептің оқушысы болды. Мектептердің жалпы саны – 50-ден асты. Ауқымды трибунада Павлодар қаласының NIS оқушылары Қатар, Түркия, Қытай, Оңтүстік Африка, Араб Әмірліктері және басқа да елдердің үздік мектептерінің оқушыларымен бірге сөз сөйлеп, ағымдағы жаһандық мәселелерді талқылады. Халықаралық саясат әлемі туралы түсінік алу үшін қатысушы студенттер ("делегаттар") конференцияда ұсынатын ел ретінде зерттеуі керек болды. Оқушылар тағайындаған комитетте нақты тақырыптар жайлы ой айтылды.
"БҰҰ Моделі" конференциясының жалпы тақырыбы: "Global Security: learning from the Past". Конференция тақырыбы аясында делегаттар халықаралық істердегі және одан тыс жерлердегі өзекті мәселелерді қамтыды. Сондай-ақ, әлем динамикасын өзгертетін шешімдерге келді.
Павлодар қаласының NIS шәкірттері келесі комитеттерде жұмыс істеді: Disarmament and International Security Committee (DISEC), Security Council (SC), Commission on the Status of Women (CSW), United Nations Development Program (UNDP) International Court of Justice (ICJ), World Health Organization (WHO), Economic and Social Council (ECOSOC), Social, Humanitarian and Cultural Committee (SOCHUM), General Assembly (GA).
- Осындай форматтағы халықаралық конференцияға қатысу маған тәжірибе алуға, әртүрлі елдердің делегацияларымен жаһандық тақырыпта талқылауға, ой-өрісімді кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл оқушылардың болашақта кәсіби түрде өзін-өзі шыңдауына септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді 9 "E" сынып оқушысы Мақсат Мандиев 📚
Сондай-ақ, конференция барысында біздің оқушылар халықаралық мектептер өз елінің дәстүрі мен мәдениетін алмасатын мәдени кеште Қазақстанды таныстырды.