- /
- Новости /
Білімді өрен
25 қыркүйек 2024 20:43
Павлодар қаласындағы NIS 11 «D» сынып оқушысы Мәлика Махмет республикалық «100 дарынды балалар» қатарына еніп, «Қазақстанның мақтанышы» медальіне ие болды. Шәкірт бұл басылымға өз жетістіктерін жолдаған. Оқушы 9-10 сыныпта қабілетін көріп, республикалық журналға ұсынған сынып жетекшісі - Мұса Есенгелдіұлына шексіз алғысын білдіреді.
- Талантымен бас редакцияның көзіне түсіп, осы журналдағы еліміздің үміті аталған жастар қатарына енгеніме мақтанамын. Алдағы уақытта туған жерімнің көркеюіне өз үлесімді қосып, елімнің гүлденуіне септігімді тигізгім келеді,- дейді М.Махмет.
Жас өренге толағай табыс тілейміз!