- /
- Новости /
KiVa буллингке қарсы бағдарламасы бойынша оқыту өтті
06 қыркүйек 2024 15:41
Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде мектеп қызметкерлерін KiVa буллингке қарсы бағдарламасы бойынша оқыту өтті. Мектеп мұғалімдері бағдарламаның негізгі аспектілерімен танысып, практикалық міндеттерді пысықтап, оқушылардың арасындағы буллингпен күресудің тиімді әдістерін талқылады.
Жаңа оқу жылынан мектепте арнайы KiVa командасы жұмыс істей бастайды. Олар Kiva бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдерді, психологтарды және басқа мамандарды қамтып, кез-келген буллинг жағдайларына жедел әрекет етуге және зардап шеккендермен де, агрессияны көрсететіндермен де қажетті жұмыстарды жүргізеді. Бұл командаға мектепте буллинг жағдайларын байқаған кез-келген адам жүгіне алады.
Турку университеті (Финляндия) әзірлеген KiVa бағдарламасы буллингке қарсы күресте әлемдегі ең тиімді бағдарламалардың бірі болып танылып, қауіпсіз және қолдау көрсететін білім беру ортасын құруға бағытталған. Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебі Kiva ресми мектебі болып табылады. KivА-ның буллингке қарсы бағдарламасы тек біздің мектеппен ғана шектелмейтінін ескеру маңызды. Бағдарлама Солтүстік Қазақстан облысдағы бес тірек мектебінде, оның ішінде Мағжан Жұмабаев, Мамлют, Уәлиханов, Есіл және Жамбыл аудандарында таратылады және іске асырылады.