Медициналық қызмет
Медициналық қызмет
Мектептің медициналық қызметі амбулаториялық қабылдауды, уақтылы диспансерлеуді, профилактикалық тереңдетілген медициналық тексеруді, ҚР егу күнтізбесіне сәйкес профилактикалық екпе егулерді жүргізеді.
Медициналық қызмет санитарлық-ағарту жұмыстарын да жүргізеді. Олардың тақырыбы әр түрлі: алғашқы медициналық көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткінің зияны және т.б. Өткізу формасы : әңгімелер, дәрістер, викториналар.
Мектептің медициналық қызметі толық қамтылған, барлық қызметкерлерде тиісті біліктілік сертификаттары бар. Біліктілікті арттыруды 5 жылда бір рет өткіземіз.
Жатақхананың медициналық блогында ауру белгілері бар оқушыларды уақытша оқшаулау үшін медицина қызметкерінің кабинеті, емшара кабинеті және изолятор ұйымдастырылған, изоляторда жеке санитарлық торап бар.
Сондай-ақ, медициналық блокта алғашқы көмек көрсету үшін қажетті дәрі-дәрмек, қаңқасыз зембілдер және иммобилизациялық шиналар бар. Кабинеттер рециркуляторлармен және кварц шамдарымен жабдықталған.
Медициналық кабинет тәулік бойы тиісті медициналық көмек көрсетеді және инфекциялық, вирустық және зең ауруларының профилактикасын жүргізеді. Жатақханаға орналасу кезінде ата-аналармен және оқушылармен медициналық блоктың жұмыс ережелері және жатақханада тұру ережелері туралы түсіндірме әңгіме жүргізіледі.
Медицина қызметкерлері әртүрлі медициналық тақырыптар бойынша әңгімелесу өткізеді және оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық өткізеді.