- /
- Новости /
CIS сарапшылары оқыту тренингін ұйымдастырды
17 қазан 2024 11:50
Сапардың төртінші күнінде CIS сарапшылары Петропавл қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкерлері үшін алдағы қайта аккредиттеу шеңберінде өзін-өзі бағалау процесіне дайындалуға бағытталған оқыту тренингін ұйымдастырды. Шара барысында келесі 18 айда өзін-өзі бағалау қажеттілігіне басты назар аударылды. Бұл кезең ақтық сапардың сәтті өтуіне және мектепті қайта аккредиттелуінің кілті болмақ.
Тренинг барысында мектеп әкімшілігі мен әр доменнің жетекшілері алдын ала сапардың қорытындысы бойынша сарапшылар жасаған ұсыныстарды ескере отырып, өзін-өзі бағалауды тиімді ұйымдастыру туралы маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар аккредиттеуге дайындықтың келесі кезеңінде назар аударуды қажет ететін домендердің әрқайсысы бойынша жұмыс ерекшеліктері қарастырылды. Тренингке қатысушылар ағымдағы процестерді жақсарту әдістерін, сондай-ақ CIS белгілеген халықаралық стандарттарға сәйкестікке қол жеткізу жолдарын талқылады.
Бұл тренинг CIS делегациясының алдын-ала сапарының соңғы кезеңі болды. Сарапшылар мектептің маңызды кезеңге тиянақты дайындығын атап өтіп, алдағы өзін-өзі бағалау шарасының 2026 жылы өтетін қорытынды аккредиттеуде шешуші рөл атқаратынына басымдық берді.