Халықаралық хореографиялық өнер байқауының жүлделерін иеленді

30 қазан 2024 11:46

Петропавл қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің “Gakku” би ансамблі Шымкент қаласында өткен “Гүлденген қызғалдақтар” халықаралық хореографиялық өнер байқауының жүлделерін иеленді.

Бұл жолы ансамбль мүшелері қазылар алқасына заманауи қос шығарма “Ризамын” және “Connection” композицияларын ұсынды.
Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстан және Қазақстанның жоғары білікті қазылар алқасының мүшелері бишілеріміздің күш-жігерін жоғары бағалады. Нәтижесінде “Ризамын” биі үшін оқушылар 1 дәрежелі лауреат атанды. Ал “Connection” заманауи композициясы үшін ансамбль байқаудың ең жоғары наградасы бас жүлдеге және қойылым шешімінің өзектілігі мен өзіндік ерекшелігі үшін арнайы жүлдеге ие болды.
Балалар көрермендерді және қатаң қазылар алқасын би техникасымен, сахнадағы үйлесімді жұмыспен, ең бастысы эмоционалды орындаумен баурап алды. Балалар еңбекқорлық пен ұзақ дайындықтың арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Ансамбльдің жетекшілері Виктория Тихонкова мен Розалия Гайнановаға дарынды жастарын тәрбиелегендері үшін және жоғары кәсібилігі үшін “Qazyna” фестивалі қозғалысының ансамбльдің бас балетмейстері Зәуре Әжібекованың Алғыс хаты табыс етілді.