- /
- Новости /
Норвегия халықаралық мектебімен байланыс
19 ақпан 2024 19:30
Мектебіміздің 12 сынып оқушылары және Норвегиядағы Ромерик халықаралық мектебінің оқушылары бейнеконференция арқылы өз жобаларын таныстырды. Алина Климова мен Ильяс Махатов (10С) «Smart Step» атты жобасын көрсетті, бұл қимыл әрекеттерінде ақауы бар науқастарға аяқ-қолдарының қозғалысын қалпына келтіруге көмектесетін құрылғы.Нұрғали Ибрагим мен Нұралинов Қамбар (12D) жасанды интеллект арқылы науқастардың жалпақ табандарын диагностикалау үшін әзірлеген интеллектуалды қосымшаны ұсынды. Таныстырылымнан соң Ромерик халықаралық мектебінің оқушылары баяндамашылардан зерттеу жұмыстары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Одан кейін екі мектеп оқушыларының арасында еркін және достық диалогы өтті.
Бағдарламаның басында Семей қаласы мен ФМБ НЗМ көрікті жерлері көрсететін шағын бейнеролик көрсетілді. Бейнероликті Көшбасшылар кеңесінің президенті Әкежан Айдынұлы дайындады. Бағдарламаны 10 D сынып оқушысы Әусенов Ален жүргізсе, іс-шараны биология пәнінің мұғалімдері Альбина Ишмухаметова, Дана Оразбаева және Бертранд Родригез басқарды. Бағдарламаның құрметті қонағы Анар Советова болды.