«TEDx NIS» клубы

project

Семей қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің ТЕДХ клубы 2013 жылдың сәуір айында ашылды. Жоба оқушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын, командада жұмыс істеу қабілетін, шешендік шеберлігін дамытуға, әртүрлі көзқарастар мен пікірлерге құрметпен қарауды қалыптастыруға қызмет етеді.

Назарбаев Зияткерлік мектептері WikiBilim қоғамдық қорымен бірлесіп "TEDx NIS клубы"атты TED клубтарын ұйымдастырады. Клуб жұмысы аясында оқушылар әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен өнертапқыштардың 15 минуттық дәрістерін тыңдауға бірегей мүмкіндік алады.

ТЕДх клубының мақсаты – оқушылардың ғылыми зерттеушілік дағдыларын дамыту, түрлі идеялар мен дүниетанымдарға құрмет көрсете отырып, терең ойлай білуге ықпал жасау, сондай-ақ  шешендік сөйлеу дағдыларын дамыту арқылы  өз  идеяларын   жұрт алдында түсінікті, анық  жеткізе білу. 

TedXNIS клубының міндеті: бөлісуге тұрарлық идеяларды іздеу, қоғам алдында өзін ұстай білу, өз көзқарасын еркін жеткізе білу, өзіне сенімді, ойын нақты жеткізе алатын, пікір алмасуға белсенді қатысатын тұлғаны қалыптастыру.