- /
- Жобалар /
- Мектепішілік жобалар /
Бақыт құшағында
Мектебіміздегі «Бақыт құшағында» атты жобаның аясында қаламыздағы перинаталдық орталықпен соңғы 6 жылдан бері жұмыс жасап келеміз. Осы уақыт ішінде мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар арасынан мерзімінен бұрын туылған сәбилерге жасалған қамқорлық аз болған жоқ. Оқушылар мен мұғалімдер бос уақыттарында жүннен жасалған иірілген жіп жиынтықтарынан түрлі кеудешелер, жамылғы тоқып, сәбилерге сыйға тартып келеді. Игі дәстүр әр жыл жалғасын табады.
Бұл жоба арқылы оқушылардың бойында көптеген дағдылар дамиды: жоспарлау, коммуникация, топта жұмыс жасау, көшбасшылық пен жоспарлау қабілеттері. Сонымен қатар жоба мейірімділік пен адамгершілікке үйретеді.