100 кітап

project

«100 кітап» оқырмандар клубы

Клубтың негізгі мақсаты конкурстар, кездесулер, дәрістер, әдеби кештер арқылы НЗМ оқитын балалардың басын қосып, біріктіру. Клуб арқылы балалар туған жер ақындары мен жазушыларының шығармалары мен өмірбаяның зерттейді және шетел жазушылары мен ақындарының шығармаларымен танысады

Мақсаты: балалардың бойында азаматтық белсенділікті тәрбиелеу, оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру, балалардың ақыл-ойын дамыту, өз ойларын ашық білдіруге, гуманизм, адалдық, әдептілікке және сауаттылыққа үйрету.

Міндеттері:

  • Қазақ және әлемдік классикалық әдебиеттерді таныстыру;

  • Оқу дағдыларын дамыту;

  • Өз ойларын еркін және ашық білдіру дағдысын дамыту

  • Өскелең ұрпақтың әдебиетке деген көзқарасын өзгерту;

  • Әдеби шығармашылықты дамыту;

  • Бос уақытты ұйымдастыру.

Нәтиже:

  • Кітаптарға деген қызығушылықты рухани және интеллектуалды дамудың құралы ретінде арттыру;

  • Отбасылық оқу дәстүрін сақтау және жалғастыру;

  • Балаларды ұлттық және әлемдік әдебиеттерді оқуға тарту;

  • Оқу бағыттарын өзгерту;

    Клуб мүшелерінің жиналысы: айына бір рет.