«KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» аясында семинар-тренинг 1 күн

13 тамыз 2024 14:34

KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» аясында Түркістан облысы аумағында орналасқан жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлеріне арналған аймақтық семинар-тренинг басталды

🌱 Аймақтық семинар-тренингке облысымыздың Отырар ауданы, №4 Ө.Жәнібеков атындағы лицей-интернаты, Сауран ауданы Ә.Сығай атындағы жалпы білім беру мекемесі, Кентау ауданы №12 Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беру мекемелерінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, педагог-психолог, сынып жетекші, әлеуметтік педагогтар қатысты. 🌱 Аталған тренингтер 26.06.2023 жылы бекітілген «Ауылдық жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін дамыту» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары жобасының 2023-2025жж. арналған әдістемелік қолдау және Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ұйымдарында «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасын сынақтан өткізу жұмыс жоспарлары аясында жүзеге асуда.

🌱 Тренингтерді мектебіміздің педагогикалық қызметкерлері, «KiVa буллингке қарсы бағдарламасы» аясында аймақтық тренерлер директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Кипчакбаева, педагог-психолог Ж.М.Арынбаева және педагог-ұйымдастырушы-кураторлар С.М.Балтабаева мен А.М.Әнеш жүргізуде.

🌱🗣️Тренингтің 1️⃣ -күнінде тыңдаушыларға:

🔰Қауіпсіз мектептерді дамыту, «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасын пилоттау жоспары

🔰KiVa бағдарламасына кіріспе

🔰KiVa әмбебап әрекеттері,

🔰Импровизация жаттығулары атты тақырыптар ұсынылды.

🌱Жұмыс барысында «KiVa» буллингке қарсы бағдарламасын енгізудің алғышарттары, аталған бағдарламаны Қазақстанның білім беру мекемелеріне енгізудің қажеттіліктері, бағдарламаның негізін қалаушылар, «буллинг» ұғымы және оның негізгі формалары, буллинг мәселесі аясында жүргізілген әртүрлі зерттеулер, буллингке қатысушылардың рөлдері , «KiVa-ның» негізгі компоненттері , «KiVa-ның» әмбебап әрекеттері , «KiVa-ның» оқу бағдарламасы және «KiVa» сабақтарының құрылымы туралы мәліметтер талқыланды.