Ата-аналар комитеті
ЖАЛПЫМЕКТЕПІШІЛІК АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
🌱Мектебімізде ата-аналар комитетінің төрағаларымен жиналыс өтті. Жиынға мектеп директоры Айдын Тусупжанов, оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Меруерт Шагимолдина, ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары Ибалы Токтамысова, тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары Айман Кипчакбаева және сыныптардың ата-аналар комитеті төрағалары қатысты.
🌱Мектеп директоры Айдын Елеусізұлы ата-аналарға мектептің жалпы ережесін, ата-аналар комитетінің маңызын, сондай-ақ осы оқу жылына жоспарланған маңызды жобалар туралы сөз қозғап, күн тәртібімен таныстырды:
📌ТЖБ ұйымдастырылу тәртібі, ережелері, NIS-programme, ТЖБ ұйымдастырылу тәртібі, ережелері - М.О.Шагимолдина;
📌2023-2024 оқу жылындағы мектеп қауымдастығының жетістіктері (олимпиадалар, ғылыми жобалар, тб сайыстар) - И.Т.Токтамысова;
📌2024-2025 оқу жылындағы педагогикалық қызметкерлерді оқыту жоспары - И.Т.Токтамысова;
📌Элективті курстар мен үйірмелер мазмұны - М.О.Шагимолдина;
📌Медициналық-психологиялық қызметтің ұйымдастырылуы - А.Б.Кипчакбаева;
📌Басқа да мәселелер
🌱Сондай-ақ, 2024-2025 оқу жылында комитет төрағалары отырысында “Назарбаев Зияткерлік мектептері” дербес білім беру ұйымы төрағасы Ә.Қ.Жанғозин жанындағы Ата-аналар Кеңесіне мүше ата-анан таныстырылды. Көпшіліктің дауысына сәйкес, жалпымектепішілік ата-аналар комитеті төрағасы ретінде 11 “А” сынып оқушысы Қыдырбаев Айдостың әкесі, Жандос Шайдулла сайланғандығы хабарланды.