banner

Тамақтану

  • /
  • Тамақтану

Тамақтану

Бүгінгі таңда NIS Түркістан мектебі асханасында 30 адам тұрақты түрде қызмет етеді.

Олар 3 ауысыммен оқушыларға құнарлылығы жоғары тағамдарды күніне 5 мезгіл ұсынады.

Мысалы үшін, бір күнде (бейсенбі күнгі ас мәзіріне сәйкес) мектеп асханасында төмендігідей тағамдар әзірленеді:

🥣Сүт қосылған қарақұмық ботқасы – 140 литр

🥚Қайнатылған жұмыртқа – 650 дана

🧈Сары май – 6,5 келі

🫖Жемістерден дайындалған шәй – 135 литр

🍞Нан ( ақ және қара нан) - 155 бөлке

🥗Жемістер – 660 дана

🥗Винегрет – 70 келі

🍲Балық етімен әзірленген бірінші тағам – 80 литр

🥩Еттен жасалған котлет – 75 келі

🥔Картоп езбесі – 105 келі

🍹Кептірілген жемістерден әзірленген компот – 69-71 литр

🧁Сүзбе қозылған кекс

🥗Сәбіз және қияр қосылған кәріс салаты – 20 келі

🥘Сиыр етімен әзірленген палау – 50 келі

🧃Жеміс шырыны – 40 келі

🥐Тоқаш - 10-15 келі

🍹Каркаде сусыны – 450 литр

Мектебімізде бракераждық комиссия отырыстары жиі өтіп түрады. Комиссия мүшелері өз кезегінде асхана ішін толық аралайды. Тексеріс барысында ондағы ыдыстардың, едендердің қоймалардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына сай екендігі назарға алынады. Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапша және жұмысқа жарамдылық рұқсаты бар екендігі тексеріледі. Сондай-ақ, асханаға тағамдарды жеткізуші мекемелердің, азық-түліктерінің сапа сертификаты жайында құжаттары мұқият қаралады.