KiVa буллингке қарсы бағдарламасы

project
  • KiVa – инновациялық, марапаттарға ие, ғылыми зерттеулерге негізделген буллингтің алдын алуға және араласуға арналған мектеп бағдарламасы.

  • Бағдарлама 2006-2009 жылдары Финляндияның Білім және мәдениет министрлігінің тапсырысы бойынша және қаржылық қолдауымен Турку университетімен әзірленген.

  • Бағдарламаны құрастырушылар – Турку Университетінің мамандары ондаған жылдар бойы буллинг феноменін және мехнизмдерін зерттеген. Мамандар тобын бастаушы PhD, профессор Кристина Салмивалли және PhD, арнайы зерттеуші Элиза Поскипарта.

KiVa буллингке қарсы бағдарламасының мақсаттары:

  • Буллингтің алдын-алу;

  • Араласу (орын алған буллинг жағдайларын шешуге бағытталған әрекеттер);

  • Буллингтің  жағымсыз салдарын азайту.

KiVa бағдарламасын жүзеге асыратын әрбір мектепте KiVa тобы болуы қажет.

KiVa тобының рөлі:

  • Сынып кураторымен бірлесіп бірнеше рет қайталанатын және жүйелі буллинг жағдайларын талдау;

  • Буллинг жағдайларын құжаттау.

KiVa тобы – мектептің барлық мәселелерінің шешімі емес!

Мектебіміздің KiVa тобы мүшелері:

Кипчакбаева Айман Бахытбековна

KiVa координаторы, KiVa буллингке қарсы бағдарламасының аймақтық тренері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Арынбаева Жанна Маратовна

KiVa буллингке қарсы бағдарламасының аймақтық тренері, педагог-психолог

Балтабаева Салтанат Муратовна

KiVa буллингке қарсы бағдарламасының аймақтық тренері, педагог-ұйымдастырушы-куратор

Әнеш Айсұлу Мұхтарқызы

KiVa буллингке қарсы бағдарламасының аймақтық тренері, педагог-ұйымдастырушы-куратор