ОРАЛ NIS МҰҒАЛІМДЕРІ «ECER-2024» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

09 қыркүйек 2024 14:24

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Кипрдің Никосия қаласында өткен ECER-2024 халықаралық конференциясында зерттеу жұмыстарын ұсынды. Биыл аталған әлемдік конференция өз қызметінің 30 жылдығын атап өтті.

Әлемнің 75 елінен қатысқан 3000-ға жуық мектеп мұғалімі мен университет профессорлары білім берудің маңызды мәселелерін төңірегінде сөз сөйлеп, шеберлік сағаттары мен панельдік пікірталастар өткізді.

Биылғы конференция тақырыбы «Белгісіздік дәуіріндегі білім: есте сақтау және болашаққа деген үміт» болды.

Біздің мектептің атынан аталған ауқымды конференцияға қатысқан тарих пәнінің мұғалімі Дина Ашимова «Жобаға негізделген оқыту (PBL) әдісінің тарих сабақтарында қолданылуын зерттеу» тақырыбындағы әріптестерімен жасаған топтық зерттеу жұмысына таныстырылым жасаса, химия пәнінің мұғалімі Айгүл Мукатаева «Химия кабинеттерінде тұтас және тұрақты педагогиканың интеграциясы. НЗМ химия пәні мұғалімдерінің сауалнамасы» тақырыбындағы топтық жұмысын назарға ұсынды.

– Біз білім беру зерттеулеріндегі негізгі мәселелерді, тенденцияларды, жетістіктер мен мәселелерді қарастырдық және олардың қазіргі және болашақ қажеттіліктерді, мәселелер мен мүмкіндіктерді шешуге қалай көмектесетінін зерттеуге тырыстық. Есте қаларлықтай тәжірибеге толы сапар болды, – дейді конференцияға қатысқан ұстаздарымыз.