ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕТІГЕН АСПАБЫМЕН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

11 қазан 2024 16:19

Мектебіміздің оқушысы Ару Артурова Түркия елінің Анталья-Финике қаласында өткен халықаралық «Finike Dance-Music Festival&Competition» байқауында бас жүлдені иемденді. Аталған өнер додасына Қазақстан, Болгария, Грузия, Румыния, Грекия, Сербия, Молдова, Украина т.б. елдердің өнерпаздары қатысты.

Орал NIS оқушысы Ару жетіген аспабымен Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» және түрік халқының «Королек» шығармасын орындады. Нәтижесінде аудиторияны тәнті етіп, жеңімпаз атанды. Бәрекелді!