Оқушылардың өзін-өзі басқаруы
ОҚУШЫЛАР КЕҢЕСІ
Ұйымдастырушылық, тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыру, мектепті басқаруға баулу мақсатында оқушылардың өзін-өзі басқаруы ұйымдастырылды. Жыл сайын оқу жылының басында мектеп президентін сайлау үміткерлер мен сайлаушылар үшін белгіленген ережелерге сәйкес бір уақытта мектеп оқушыларының арасынан жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі. Биылғы оқу жылында 29 қыркүйекте сайлау өтіп, мектеп президенті болып 11 F сынып оқушысы Анис Баймұқанов сайланды.
https://www.instagram.com/reel/CxxDaC9sUlu/?igsh=aXdiOXFjYjN0Y212
Сайлау қорытындысы бойынша өзін-өзі басқару құрамына 16 шаңырақтың көшбасшысы және комитеттерде жұмыс істейтін 45 қатысушы кірді. Мектептің өзін-өзі басқаруы жиналыстар, кездесулер өткізді, онда мектептен тыс іс-шараларды ұйымдастыру идеялары мен ұсыныстары талқыланды.
Оқу жылы барысында мектеп оқушыларының мәдени, интеллектуалдық және физикалық дамуына бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Өзін-өзі басқару ұйымы WhatsApp платформасы негізінде мектеп өмірін қамтитын және негізгі жаңалықтар мен хабарландыруларды жариялайтын мектеп оқушыларының қоғамдастығы құрылды. Республика күніне арналған танымдық-интеллектуалдық, спорттық шаралар өткізілді. «Малютка» балалар үйіне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесі және жаңа жылдық кино кеші («Tumar» және «SEN» мектеп клубтары бірлесіп) ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/C0jdajootQq/?igsh=Z29pcHA3c256c2dm
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері Ақтөбе қаласында өткен НЗМ көшбасшыларының форумына қатысты. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында мектеп оқушылары үшін Қысқы бал ұйымдастырылды. Оқушылардың бастамасымен «Зияткер Life» мектеп подкастының бірінші бөлімі жарық көрді.