NIS өкілдері Санкт-Петербургтағы серіктес университетте болды

05 сәуір 2024 11:27

Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдері халықаралық серіктесі болып табылатын Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Технологиялық институтының (техникалық университет) Молекулалық формакология зертханасымен танысты.

Молекулалық формокология зертханасы соңғы заманауи зертханалық құралдармен жабдықталған. Оқушыларға қазіргі таңда жүргізіліп жатырған зерттеулер туралы айтылды. Бұл зертханада онкологиялық ауруларға қарсы жасушалар мен препараттар сынақтан өткізіліп жатқандығы айтылды.

Зертханадан кейін мектеп өкілдері институт тарихына арналған мұражаймен танысты. Мұражайда әр уақытта жұмыс жасаған атақты ғалымдар мен өнертапқыштардың жұмыстары қойылған.

Сонымен қатар, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбар Мурзабеков және мектебіміздің экологиялық координаторы Бақытгүл Жаксылыкова институттың халықаралық жұмыстар жөніндегі проректоры Соболев Валентин Васильевичпен кездесті.

Кездесу барысында болашақта екі ұйым арасындағы жүргізілетін жұмыстар талқыланып, нақты ұсыныстар айтылған болатын.

Әлемнің көрнекті химик ғалымдары Д.И.Менделеев, Н.Н.Зинин, Д. К. Чернов, И.П.Чайковский және т.б. жұмыс жасаған, 195 жылдық бай тарихы бар институтпен жұмыс жалғаса береді.