- /
- Новости /
«Туған елге тағзым-2024»
22 маусым 2024 17:27
Ақтаудағы NIS-те «Туған елге тағзым» зерттеу бағытындағы өлкетанулық экспедициясы өтті.
Жобаның алғашқы күнінде қатысушылар үшін «Жастар Фест» шарасы ұйымдастырылды. Онда оқушылар эстафеталық ойындар ойнап, өзара жарысты. Сондай-ақ, жатақхана тәрбиешілерінің шығармашылық шеберлік сағаттары өтті.
Орал және Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп оқушылары Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасымен танысты. Олар кітапхана құрылысымен, ондағы өлкетануға қатысты кітаптар жайында ақпарат алды.
Экспедициясының екінші күнінде қатысушылар Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Экскурсия кезінде мұражай қызметкерлер Әбіш Кекілбайұлының өлкенің қалыптасуы мен дамуындағы өлшеусіз еңбек еткендігін айтып, қызықты ақпараттармен бөлісті.
Қазақстан жаңа теңіз технологияларын қолдануда заман талабына сай дамып келеді.
Солардың бірі Ш.Есенов атындағы университетінің әскери-теңіз бөлімі. Зияткерлер ондағы соңғы технологиямен жабдықталған оқу орнымен танысып, қызығушылық танытты.
Сондай-ақ, оқушылар «Kaz Fruit» азық-түлік сақтау базасына экскурсия жасап, жазды күні жеміс-жидектер, көкеністер қалай сақталатыны жайында ақпарат алды.
«Ақтау қаласының дамуы» атты тақырыптық күнін оқушылар теңіз жағада спорттық ойындар ойнап аяқтады.
ТЕТ қатысушылары жобаның үшінші күнінде «Kazakh Osseter» ЖШС компаниясына саяхат жасады. Шаруашылық бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен және тұщы су балығын өсірумен айналысады. Оқушылар бассейндегі балықтарды көруге мүмкіндік алып ондағы балық түрлерімен танысты.
«Маңғыстаудың флорасы мен фаунасы» тақырыбында өткен экспедиция күні Ақтау страус өсіру фермасында жалғасты. Шаруа қожалығында африкалық және австралиялық түйеқұстар, павлин, қоян секілді жануарды кезіктіруге болады.
Үшінші күнді «Маңғыстау флорасы мен фаунасы» тақырыбындағы декоративті қолданбалы туындылар жасау шеберлік сағаты қорытындылады.
ТЕТ қатысушылар экспедицияның төртінші күнінде орталық Азиядағы ең ірі химия өндірісінің бірі «КазАзот» АҚ жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Химиялық кәсіпорындағы зертханалармен қатар негізгі цехтарын аралады. Кәсіпорын мамандары химиялық заттарды синтездеу және өңдеу процесі туралы айтып, технологиялық қондырғылардың жұмыс істеу принциптерімен таныстырды.
Маңғыстауда Қазақстандағы тотыққан және модификацияланған жол битумын өндіруге бағытталған жалғыз «Caspi bitum» мұнай өңдеу зауыты бар. Оқушылар экспедиция негізінде бұл зауытты да көруге мүмкіндік алды. Қатысушылар зауытты аралап, жұмысымен танысты. Ақтаудағы битум зауыты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын жеделдету мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды.
Төртінші күнді «Туған елге тағзым-2024» эмблемасын әр түрлі өнер техникаларымен салумен аяқтады.
Өлкетану экспедициясының 5 күнінде оқушылар аспан астындағы мұражай Маңғыстау өлкесіне сапарға шықты. Қатысушылар алдымен киелі Қараман ата жерасты мешітіне табан тіреді.
Онда әулиенің тарихымен танысып, ата-бабалар рухына тағзым етті.
Маңғыстаудағы құпиясы әлі ашылмаған жерлері өте көп, соның бірі «Торыш» шатқалы. Оқушылар тарихы миллион жылдан асатын шатқалды өз көздерімен көріп, таңдасты.
Сапар соңында табиғаттың ерекше үлгісі болған «Ақеспе» алқабында тамашалады.
Ұзақ сапардан кейін оқушылар күнделіктерін табыстап, бір аптаға созылған ТЕТ күндерін қорытындылап, марапттау шарасына қатысты.