- /
- Новости /
NIS Тамыз кеңесі: Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық
23 тамыз 2024 11:42
Ғылыми технология қарыштап, жасанды интеллект күн санап дамып келеді. Цифрлық игіліктің оң тұстары көп, алайда «ақылды жүйе» плагиат, авторлық құқықты қорғау, өскелең жастардың креативті ойлау дағдыларын дамыту мен академиялық адалдық мәселесін алға шығарып отыр. Сондықтан білім беру саласына заманауи технологияны енгізуде сақтық керек. Биыл Ақтауда өтіп жатқан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының дәстүрлі тамыз кеңесінде осы мәселелер жіті талқыланады.
«Жаңа технологиялар заманындағы академиялық адалдық» тақырыбындағы ауқымды конференцияның ашылуында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Звира Есбергенова, Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев, Академиялық адалдық лигасының Жобалық кеңсесінің басшысы Нұргүл Маханбаева, Астана IT университетінің Үздіксіз білім беру сандық институтының директоры Ермек Әлімжанов баяндама жасады. Сондай-ақ шараға барлық өңірлердегі Зияткерлік мектептердің 100-ге жуық педагогі қатысып, 3500 мұғалім қашықтан тыңдады.
NIS Тамыз кеңесі туралы толығырақ ақпаратты nis.edu.kz сайтынан оқи аласыз.