- /
- Новости /
Ақтаулық ұстаздар XXX Еуропалық ECER конференциясында зерттеу жұмыстарын таныстырды
04 қыркүйек 2024 11:50
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстаздары Кипрдің Никосия қаласында Кипр университетінде өткен XXX ECER-2024 халықаралық конференциясына қатысты.
Әлемнің 75 елінен қатысқан 3000 жуық мектеп мұғалі мен университет профессоры білім берудің өзекті мәселелері төңірегінде жасаған зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті.
Биылғы конференцияның тақырыбы «Белгісіздік дәуіріндегі білім: есте сақтау және болашаққа деген үміт"болды.
Конференцияның ашылуында Кипрдің білім, спорт және жастар министрі Доктор Афина Михалиду, Кипр университетінің ректоры, профессор Тасос Кристофидес және Еуропалық білім беруді зерттеу қауымдастығының (EERA) Президенті Марит Хонерод Ховейд сөз сөйледі. EERA-ның 30 жылдығына орай ұйымның білім беру саласындағы жетістіктеріне арналған арнайы сессиялар ұйымдастырылды.
Білім саласында қызмет ететін әлемнің түкпірінен келген ұстаздармен қатар Қазақстан атынан қазақ тілі пәні мұғалімдері Жаннұр Мауытова, Сәния Дауталиева және химия пәні мұғалімі Ерболат салават, математика пәні мұғалімі Гүлзада Рахимова, сондай-ақ биология пәні мұғалімі Гүлжан Нүсіпжановамен ағылшын тілі пәні мұғалімі Мадина Ескелді қатысты.