Ақтаудағы NIS ұстазы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен Аламан құрақ қатысушыларымен рекорд орнатты

09 қыркүйек 2024 11:56

Өнер пәні мұғалімі Алмагүл Жұмаева Астана қаласында өтіп жатқан көшпенділер ойыны барысында 450 құрақшымен бірге жобаға қатысып, рекордтар кітабына енді. Гиннес рекордтар кітабын жаңартқандар арасынжа ақтаулық Зияткерлік мектеп оқушылары Нұрайлым Рысбай,  Арайлым Қонысбаевада бар. 

Бір мезгілде кілем тәріздес жайылған 450 көрпенің жалпы көлемі 11200 кв метрді құрайды: ені бойынша 16 қатар - 40 метр, ұзындығы бойынша 28 қатар - 252 метр. Бір көрпеше өлшемі 250/90см. Көрпе тігу барысында «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және төртқұлақ қошқар мүйіз өсімдік оюлары қолданылды.

Рекорд жаңартуға 19 облыстан 450 құрақшы келген. Олардың арасында 8 жастан 85 жасқа дейінгі құрақшылар бар.