- /
- Новости /
Маңғыстауда зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша оқу семинар-тренингі басталды
10 қыркүйек 2024 12:00
Маңғыстау облысының «Отпан» жобасы аясында бекітілген 45 мектептің мамандары үшін «Балалардың зорлық-зомбылық жағдайларының алдын алу және дағдарыстық көмек» бағдарламасы бойынша оқу семинар-тренингі бастау алды.
«Отпан» жобасы аясындағы семинар-тренингке мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, психолог, әлеуметтік педагог қатысуда.
Іс-шараның мақсаты – мектеп директорларының орынбасарлары, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және дағдарыстық көмек көрсету саласындағы кәсіби дайындықтарын арттыру.