Ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезең өтуде

18 қыркүйек 2024 12:04

Ақтаудағы NIS-те ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезең өтуде.

Байқау 18-19 қыркүйек аралығында өтеді. Бұл күндері құрамында пән мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің өкілдері, үйлестірушілер кіретін қазылар алқасының назарына мектеп оқушылары өз идеялары мен ғылыми ізденіс нәтижелерін ұсынады.

Байқауға қатысушылар үшін жоба өзектілігін, тақырыпқа сәйкестігін, практикалық жарамдылығын және ғылыми негізділігін қазылар алқасының алдында дәлелдеу маңызды.

Ғылыми жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз танылған жобалар конкурстың желілік кезеңіне қатысуға жолдама алады.